Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім вице-министрі соңғы қоңырауға қатысты қосымша түсінік берді

Білім вице-министрі соңғы қоңырауға қатысты қосымша түсінік берді

Осы оқу жылында соңғы қоңырау өткізілетіндігі белгілі болды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова осыған қатысты желіде жазба жариялады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.
"3-4 маусымда 11 сынып түлектері қолына аттестат тапсыру туралы шешім қабылданды. Бұл шара жыл сайын маусым айының ортасында өткізілетін. Биыл түлектерге арналған қорытынды аттестатциялау болмайтынын және ҰБТ-ға дайындықты ескере отырып, біз оны маусымның басына қарай жылжыттық. Биылғы салтанатты шараның ерекшелігі - мереке аясында 11 сыныпты тәмамдаған түлектерге аттестаттар салтанатты түрде тапсырылып, соңғы қоңырау соғылады", - деп жазды Каринова facebook-та.
Сонымен бірге бұл іс-шара мектепте, ашық аспан аясында бөтен қонақтарсыз, 11 сынып түлектерінің қатысуымен және санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі керек.
"Шара кезінде түлектерге мектеп формасында болу ұсынылды. Сонымен қатар, салтанатты шарадан соң 11-сыныпты бітірушілердің ағаш отырғызу шарасын Экология министрлігімен бірлесіп, ұйымдастыру жоспарлануда. Кейіннен мұндай акцияны өткізу 25 мамырға белгіленеді", - деді ол.

12 мамыр 2020 ж. 882 0