Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 маусымға арналған ауа райы болжамы

17 маусымға арналған ауа райы болжамы

Жоғары қысымды өрістің әсерінен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның батысы, солтүстік өңірлері циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болғандықтан, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, еліміздің батысында бұршақ болуы ықтимал. Республика бойынша еліміздің басым бөлігінде желдің күшеюі сақталады.

Күндіз Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі бар.

kyzylorda-news.kz
17 маусым 2023 ж. 255 0