Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 маусымға арналған ауа райы

12 маусымға арналған ауа райы

«Қазгидромет» ел аумағында 12 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары қысым аумағы ықпалының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, еліміздің солтүстігінде, қиыр шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл болуы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі сақталуда, оңтүстікте, батыста, орталықта шаңды дауыл, солтүстікте – тұман күтіледі.

Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарында, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі, - деп жазды синоптиктер.
12 маусым 2023 ж. 240 0