Жерде тарихтағы ең ыстық күн белгіленді
АҚШ Ұлттық экологиялық болжау орталығы дүйсенбі, 3 шілдеде Жер бетіндегі рекордтық жоғары орташа температураны тіркеді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.
Метеорологтардың айтуы бойынша, 3 шілдеде Жердегі орташа температура көрсеткіші Цельсий бойынша 17 градустан асып кетті. Мұндай жағдай бақылаулар басталғаннан, яғни 1979 жылдан бері болған емес. Аномальді жоғары температураның себебі - Эль-Ниньо. Ол Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су беті температурасының ауытқуы.
Эль-Ниньо - бұл ең күшті табиғи құбылыс, Тынық мұхитының экваторлық және оңтүстік бөлігіндегі су температурасының жүйелі түрде көтерілуі. Бұл бүкіл планетаның климатына әсер етеді. 2016 жылдың тамызында тіркелген бұрынғы рекорд 16,92 градусты құраған.