Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 400 мың теңге жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

Қазақстанда 400 мың теңге жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

Өңірлер арасында ең жоғары жалақы Атырау облысында тіркеліп отыр.

Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құраған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігі статистика комитетіне сілтеме жасап.
Биылғы жылдың І тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңге болған.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақыны кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазумен айналысатын жұмысшылар алады – 401,1 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары.
Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметі – 323 мың теңге,  кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге, көлік саласында – 218,2 мың теңге.


Ал ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркеліп отыр – 93,2 мың теңге. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 44,7%-ке төмен.
Өңірлер арасында ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, яғни орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге жоғары. Ең төменгі жалақы Түркістан облысында екен, 109,0 мың теңгені құраған.
03 мамыр 2019 ж. 1 230 0