Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі өзгермейді

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі өзгермейді

Бүгін өткен Үкіметтің кезекті отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев журналистер сауалына жауап бере отырып, кейбір ата-аналар қалағандай 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгермейтінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейсембаев министрлік көктемнен бері арнайы қабылдау ашып, ата-аналар бұл мәселені алдын ала қолға алғанын қалағанын түсіндірді.

«Бұл жерде тек мектепке бару ғана емес, барлығын алдын ала жоспарлау қажет. Бұл оқулықтардың санына да қатысты. Әрине, 1 қыркүйекте мүмкін болар еді, бірақ ол кезде 1-сынып оқушылары үшін қанша оқулық қажет екенін білмейміз. Бұл мерзім 1-сыныпқа баратын балаларымызды қамтамасыз ету үшін қажет бірқатар іс-шараларға байланысты. Қыркүйектің 1-інде келсе, ертең оқулық жетіспейді дейді. Ал біз оларды жеткілікті мөлшерде сатып алуымыз керек», деді Ғани Бейсембаев

Еске сала кетсек, 1 қыркүйектен бастап кейбір сыныптардағы мектеп бағдарламасы өзгеретіні хабарланған еді. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта «Шетел тілі» пәнін алып тастау көзделген. Сонымен қатар «Көркем жұмыс» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілген.
25 шілде 2023 ж. 265 0