Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау қашан аяқталады

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау қашан аяқталады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті, хабарлады turkystan.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталды. 4 айда 350 453 өтініш түсті, бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтіліп отыр.
24 шілде 2023 ж. 206 0