Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

3 тамызда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз Алматы облысының орталығында, солтүстігінде аптап ыстық болады деп күтіледі: +40… +42°С. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз өте қатты ыстық болады: +40… +42°С.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде де аптап ыстық болады деп болжанады: +40… +42°С. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Облыстың батысында күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз сынап бағаны 35, 39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық болады деп болжанады: +36… +38°С.

Күндіз Ұлытау облысының шығысында солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде сынап бағаны 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз қатты ыстық болады: +35 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнауы мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады деп болжанады. Сынап бағаны 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары, облыстың батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болып, сынап бағаны 40 градусқа дейін барады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз аптап ыстық болады: +40… +42°С. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз өңірдің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ түсуі ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болып, сынап бағаны 35 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады деп болжанады: + 38… + 42°С.. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт қаупі жоғары. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Облыстың шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде таңертең және түстен кейін найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болып, сынап бағаны 36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Түнде өңірдің шығысында, күндіз солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және түстен кейін найзағай ойнауы ықтимал. Өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Найзағай кезінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және түстен кейін найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с.

03 тамыз 2023 ж. 259 0