Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

6 тамыз, демалыс күні еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болып, жел соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидрометтің» синоптиктері таратқан мәліметке сәйкес, 6 тамыз күні Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді, сондай-ақ осы күні өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда күндіз найзағай ойнайды және төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семейде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының күндіз орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус аптап ыстық болады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық болады. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өскеменде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодарда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Түнде Ақмола облысының шығыс жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с-ке жетеді, жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды.

Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістанда күндіз найзағай ойнайды. Кей уақытта шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз бұршақ жауады. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавлда найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Костанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанайда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. 6-8 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада күндіз найзағай ойнайды. 5-7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-41 градус қатты ыстық болады. 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтауда күндіз 38 градус ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-38 градус ыстық болады, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оралда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың орталығында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде ыстық 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорғанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-37 градусқа жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

06 тамыз 2023 ж. 220 0