Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Қоғамда азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен, азаматтардың білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Сондай-ақ кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң (одан әрі Заң) талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Дерттің алдын алып, қоғамға таралуына жол бермеу үшін барлығымыз бірігіп атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Н. ӘБІШЕВ,
Арал көсалалы колледж директоры