Несие алудан бас тартуға болады

«Бірінші кредиттік бюросымен бірлесе біз несиелер алуға ерікті түрде тыйым салу қызметін іске қостық. Осы арқылы біз еліміздің азаматтарына заңсыз несие алуға тырысатын көптеген алаяқтардан қорғауға көмектескіміз келеді»,– деп атап өткен еді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Р.Коняшкин.
Айта кетерлігі, дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның сайтында ақылы түрде қолжетімді. «Электрондық үкімет» порталында өтініш берген кезде аталған қызметке жарамды өтінімнің бар-жоғына тексеру жүргізіледі.
Несие алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының «Азаматтарға» – «Кеден және салықтар» – «Экономика және қаржы» бөлімінен алуға болады.
"Толқын" ақпарат
Фото: qamshy.kz