Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Cенбіге арналған ауа райы болжамы

Cенбіге арналған ауа райы болжамы

7 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасады,  жаңбыр, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады. Батыста бұршақ жаууы ықтимал.  

Түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтанудың аса жоғары қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.

Сурет: egemen.kz
07 қазан 2023 ж. 228 0