Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 қазанға арналған ауа райы болжамы

20 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет" синоптиктері ертең, 20 қазанда елдің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман. 

Қостанай облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында көктайғақ, тұман болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың шығысында тұман түседі, облыстың батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында да тұман түседі.
20 қазан 2023 ж. 254 0