Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйқыдан тұрғанда көзіңіздің асты ісіп тұра ма? Мына әдеттерден арылыңыз

Ұйқыдан тұрғанда көзіңіздің асты ісіп тұра ма? Мына әдеттерден арылыңыз

Ұйқыдан тұрғанда көзіңіздің асты ісіп тұра ма? Оған аллергиялық реакция, жас ерекшелігіне байланысты өзгерістер немесе созылмалы аурулар себеп болуы мүмкін. Бірақ көз астының ісуіне жиі өмір салты әсер етеді. Бұл жағымсыздықтан арылу үшін мына әдеттерден арылыңыз.

Тұзды көп тұтыну

Рационда тұздың көп болуы жағымсыз белгілерге әкеледі. Соның бірі – ісіну. Себебі тұз бүйректі ағзадағы суды ұстап тұруға мәжбүрлейді. Бұл кезде тек көзіңіздің асты емес, бетіңіз бен аяқ-қолыңыз да ісіп кетуі мүмкін. Көздің айналасындағы тері өте жұқа және сезімтал болғандықтан, көз астының ісіп тұрғаны басқа дене бөліктеріне қарағанда қатты көрініп тұрады.

Ұйықтар алдында макияжды кетірмеу

Қатты шаршап келгенде макияжды кетірмей ұйықтап қалуыңыз мүмкін. Алайда бұлай істемеген жөн. Көз айналасындағы тері жұқа және сезімтал болғандықтан, кометика оны тітіркендіреді. Сондай-ақ ішпен жатсаңыз да, көзіңіз ісіп кетуі мүмкін.

Алкогольді көп ішу

Алкогольді көп ішу ағзада судың тұрып қалуына ықпал етеді, сондықтан көз асты ісіп кетеді.

Күйзеліс және ұйқының қанбауы

Нашар ұйқы және күйзеліс тері жағдайын нашарлатады. Соның ішінде ол көз астының ісінуіне әкеледі.

Жанаспалы линзаны ұзақ тағу

Егер жанаспалы линзаны жарамдылық мерзімінен асырып тақсаңыз, көзіңіздің асты ісіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ жаңа құйылған ерітінді пайдалану маңызды. Егер линзада қандай да бір ақау пайда болса, оны бірден жаңасына ауыстырыңыз.

Суды аз ішу

Судың жетіспеуі – көз асты ісуінің басты себептерінің бірі. Сондықтан ағзадағы су тепе-теңдігін сақтау маңызды.

Компьютерде үзіліссіз жұмыс істеу

Көзге артық күш түссе де, көзіңіздің асты ісіп кетуі мүмкін. Сондықтан монитор немесе смартфон экранының алдында үзіліссіз отыра бермеңіз. Жиі көзге арналған жаттығулар жасап тұрыңыз.

massaget.kz


22 қазан 2023 ж. 224 0