Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт өңірде жол жабылды

Төрт өңірде жол жабылды

17 желтоқсан сағат 19.00-дегі жағдай бойынша төрт облыста республикалық маңызы бар 5 автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған. Оған аяз, жауын-шашын, боран мен екпінді жел себеп болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысында — 1 учаске (84 км)

— «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» а/ж 126-210 км, Құлсары қаласы — Маңғыстау облысы шекарасы.

Жамбыл облысында
— 1 учаске (95 км)

— «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж, Кенен ауылы — Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы).

Жетісу облысында — 1 учаске (100 км)

— «Үшарал — Достық» а/ж, Көктұма стансасы — Достық стансасы, 100 км.

Маңғыстау облысында
— 2 учаске (515 км)

— «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» а/ж 210-640 км, Атырау облысы шекарасы — Шетпе ауылы.

— «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» а/ж 0-85 км, Бейнеу ауылы — Өзбекстан шекарасы.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылған.

(Сурет ашық дереккөзден)
18 желтоқсан 2023 ж. 304 0