Ауа райына байланысты 5 облыста жол жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.5 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«1 ақпан сағат 11.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.
Жамбыл облысында – 2 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.- Қайнар а.– 79 км.
2. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек.– 59 км.
Қостанай облысында – 1 учаске
1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 83 км.
Қызылорда облысында – 1 учаске
1. «Қызылорда-Павлодар» 12-216 км, Қызылорда қ.-Ұлытау обл. шек.– 204 км.
Түркістан облысында – 1 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан обл. шек.- Машат к.– 59 км.
Ұлытау облысында – 2 учаске
1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек.– 115 км.
1.«Қызылорда-Павлодар» 216-410 км, Қызылорда обл. шек.-Талап а.– 194 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 621 бірлік техника және 1096 жолшы жұмылдырылды.
Фото: azattyq-ruhy.kz










