Алматыда тағы да жер сілкінді

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 2024 жылы 06 наурызда Алматы уақытымен 05:09-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,6. Жер сілкінісінің магнитудасы - 5.4", - делінген хабарламада.
Эпицентр координаты 41.22° с.е. 78.73° ш.б. Тереңдігі 10 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда - 2 балл
Фото: egemen.kz