Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлесе білген ел бәрін жеңеді

Бірлесе білген ел бәрін жеңеді

Апат айтып келмейді. Аяқасты болған жағдай ел-жұртты бей-жай қалдырмады. Қиналған сәтте тығырыққа тірелген халыққа ел басқаратын азаматтар да қолдау көрсетті. 
Бір ғана мысал, өткен жолы Ақтөбе облысының әкімі еріген суларды жедел сорып тұруды жалғастыруды, су басқан үйлер мен инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мәселелерімен айналысуды тапсырды.
– Жалпы, тасқынға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Тиісті шаралар қабылданып жатыр, азаматтарды қажет болған жағдайда эвакуациялау жағы ұйымдастырылып қойды. Материалдық шығынды өтеу мәселесін пысықтау керек. Көктемгі су тасқыны салдарынан мүлкі бүлінген облыс тұрғындарының бірде-бірі көмексіз не назардан тыс қалмайды, деген еді. Және бұл жұмыстар атқарылып та жатыр. 
Бүгін Мемлекет басшысының халыққа арнаған үндеуі де ел-жұртқа серпін берді. Онда: Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. 10 аймақта төтенше жағдай жарияланды. Ең бастысы - адам шығынана жол бермеу керек, - деді Президент. Сонымен бірге барша қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді. 
Ел амандығы үшін, бұл қиындықтан шығу үшін мемлекет қолдан келгеннің барлығын жасауда.
«Бірлігі мықты елді жау алмайды» демекші, бекем бірлігіміз бен ынтымағымыздан айырылмайық. Белді бекем буып, қабырғамыз қайыспай бұл қиындықты да бірлігіміздің арқасында  еңсерейік.
Ерғали АБДУЛЛА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі 
"Арал" әлемі газетінің редакторы, ардагер ұстаз. 

06 сәуір 2024 ж. 231 0