Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 9 сәуірге арналған ауа райына болжамды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Кәсіпорын деректеріне қарағанда, еліміздің аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, көбіне жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-шығыс таулы аудандарында да жауын-шашын болжануда, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің солтүстігінде көктайғақ болып, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрады, бұршақ жауады.

Фото: ашық дереккөз 
09 сәуір 2024 ж. 190 0