Су тасқыны басталғалы "жедел желі" телефондарына 1 667 қоңырау түскен

Су тасқыны басталғалы бері 107 465 адам, оның ішінде 38 627 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 11 786 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пункттеріне 7 598 адам, оның ішінде 3 288 бала орналасты.
9,4 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды, 2 млн қапшық пен 1,2 млн тоннадан астам инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 32 484 адам, 3 709 техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1517 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалуда.
ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады, – деді спикер.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: el.kz