Мамыр айында ауа температурасы жоғарылайды

-Мамыр айының бірінші онкүндігінде облыста ауа температурасы түнде +7+12 градустан +12+17 градусқа дейін болса, күндіз +23+28 градус болады деп болжануда. Ал аймағымыздың оңтүстігінде + 37 градусқа дейін жоғарылайды. Айдың екінші онкүндігінде түнде +5+10 градус, оңтүстік аймақта +13 градус, солтүстік-батыста + 20 градусқа дейін төмендеуі болжанып отыр. Дегенмен, екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы күндіз + 35+40 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақта +43 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде. Осындай ауа райы кезінде барынша сақтық шараларын ұстаған жөн. Өйткені жоғары ауа температурасы адам ағзасына әсер етеді. Ал айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +15+20 градус шамасында болса, күндіз +31+36 градус болады. Оңтүстік аймақта түнде +23 градустан +18 градусқа дейін, күндіз +39 градустан +31 градусқа дейін ауытқуы болжануда. Сондай-ақ, жаңбыр, найзағай бірінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Ал шаңды дауыл бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің ортасында болжанады. Жел секундына 15-20 м/с бір ай бойы жиі күтіледі деп болжануда, - деді Айгерім Болатбекқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі