Бишімбаев соты. Келесі отырыста не талқыланады?

Бүгін сот отырысында сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөздерін сөйледі. Cот отырысы 10 мамырға, сағат 10:00-ге шегерілді. Келесі сот отырысында алқабилердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау өтеді. ҚПК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi, – делінген хабарламада.
Бұған дейін сот отырысында әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты.
Сондай-ақ Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын айтып берді.
Фото: ашық дереккөз