Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан. Бұл туралы сотталушының қорғаушысы Сейіт Рахманов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққанын Шымкенттің Абай аудандық сотының төрағасының хатшысы Азат Өтегенов растады. 
Өтегеновтың сөзінше, экс-министр жазасын жеңілдетіп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату түріне ауыстыруын сұраған. Оның ұсынымы 25 қыркүйекте қаралып, бүгіннен бастап заңды күшіне енген. 
Еске сала кетсек, мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Леңгірдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан еді. Ол жазасын жұмсартуды сұрап, өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартып, жазасын Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеген-ді.
Бүгін, 11 қазанда, Бишімбаевтың түрмеден босап шыққаны белгілі болды.
11 қазан 2019 ж. 805 0