Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың амнистияға ілінуі жайлы пікір білдірді

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың амнистияға ілінуі жайлы пікір білдірді

Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім бойынша сотталған азаматтарды елге қайтару шарасы қарастырылған Қазақстан мен Қытай арасында сотталған азаматтарды қайтару туралы келісім бар. Соның аясында Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өз елінде өтей алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Адвокат Әсел Тоқаеваның ойынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім бойынша сотталған азаматтарды елге қайтару шарасы қарастырылған. Бірақ ондайда соттың шешімі қайта қаралмайды. Ақжарқынның жазасын өтеу мерзімін де бірден өзгертуге мүмкіндік жоқ.
"Бәрі заңнамаға байланысты. Енді Қытайдағы соттың шешімін өзгерте алмаймыз. Дегенмен, ол амнистияға ілігуі мүмкін, я болмаса, мерзімінен бұрын шартты босату шарасы қолданылады. Ал өзге елде жасалған қылмысты қайта қарай алмаймыз. Өйткені заңды шешім бар. Сосын келісім аясында жазасын өтеу үшін ғана сотталғандарды қайтару шарасы қарастырылған. Ондайда жаза қайта қаралмайды", - дейді Тоқаева.
Сарапшы өз тәжірибесінен бірнеше мысал келтірді. Оның айтуы бойынша, Қазақстанда есірткі үшін бір Грекия азаматы ұсталған. Бірақ оған жазаны өз елінде өтеген тиімді. Себебі ол мемлекеттің заңнамасы бойынша тура сол есірткі көлемі үшін жаза қатаң емес. Ал Қазақстанда ұсталған Өзбекстан азаматтары, керісінше, өз еліне жібермеуді сұраған. Себебі ол жақта жаза қатаң.
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов та осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын өз елінде амнистияға ілігуі мүмкін.
"Әзірге Қытайдағы соттың шешімі күшіне енген жоқ. Қазір аппеляциялық шағым қаралып жатыр. Біз нақты қандай шешім шығатынын білмейміз. Дегенмен Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты шарт бар. Сол құжат бойынша Ақжарқын өтініш беріп, жазасын өз елінде өтей алады. Ондай өтініш болса, Қазақстан сотталған азаматты өзіне қайтара алады", - деді ол.
Ахметжановтың айтуынша, шарт бойынша Қытайда шыққан сот үкімін өзгертуге болмайды. 
Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.
2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кеткен еді.
Биылғы жылдың 3 қыркүйегінде Гуанчжоуда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтті.
https://stan.kz/bas-prokuratura-akzharkin-tyrlibaydin-amnistiyaga-ilini-322348/
26 қыркүйек 2019 ж. 685 0