Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңдарға өзгерістер енгізілуде

Заңдарға өзгерістер енгізілуде

Заман талабына сай қылмыстық жазаларды ізгілендіріп, кішігірім қылмыс жасаған адамдарға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуді асау уақытының өзі күн тәртібіне қоюда. Қазір бұл бағытта қыруар жұмыстар атқарылуда. Анығында да осы кезге дейін өз үстемдігін жүргізіп келген қатаң жазаларды ізгілендіріп, қоғамымыздың басты байлығы –адам құқықтарымен бостандықтарын алдыңғы ортаға шығарып, бұл бағытта атқарылатын жұмыстарды осы төңіректегі ортақ мақсатының маңайына топтастырып кеше немесе бүгін тосыннан дүниеге келе салған ой емес. Сондай-ақ елімізде заман талабына сай заңдарға да өзгерістер енгізілуде.
Атап айтқанда Қылмыстық-атқару кодексінің 52-бабы 8-бөлігінде, Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі бойынша Жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде, пробация қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді- делінген. Ал осы кодекстің 57-бабы  4-бөлігінде Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау кезінде жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде пробация қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді. Сондай-ақ 69-бабы 3-бөлігінде Бас бостандығынан шектеу жазасын өтеп жатқан сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған кезде, пробация қызметі сотқа оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал сотталған адам жүкті болған жағдайда – жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді-делінген.
Сонымен қатартағада айта кететін жағдай «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу» туралы Заңының 6 бөлігі 1-тармағы бойынша Аудандық сотқа материалдар  жолданып Пробация қызметінің есебіндегі мәжбүрлі еңбекке тартылған жұмысы бар сотталғандардың мәжбүрлі еңбегі осы заңмен сәйкестендірілген. Қылмыстың алдын-алу мақсатында, сотталғандарға кайта қылмысқа жол бермеу және еңбекпен келген адал істің наны тәтті екендігі жөнінде профилактикалық әңгімелер жүргізілуде. Ал жазатайым жаза басқан азаматтарды мүмкіндігі келгенінше қолтығынан демеп, қатарға қосу көмек беру қоғамға тарту баршамыздың міндетіміз болып табылады.
Е.Жарасов,
Арал аудандық ПҚ-ның инспекторы,
әділет аға лейтенанты
18 ақпан 2019 ж. 1 100 0