Сотпен қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Сотта тараптар кәсіби медиатормен бекітілген дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісімді сотқа ұсынған. Медиативтік келісімге сәйкес, К. мен С. медиация тәртібімен татуласқан, келген зиян қалпына келтірілген, жәбірленуші сотталушыға ешқандай талап қоймайды.
Осының негізінде, сотталушы К. Қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.