Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Алайда, сотқа жәбірленушілер Т. мен А. сотталушымен келісімге келіп татуласқандарын, келтірілген залалды толық қалпына келтіргенін көрсетіп, оған қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініштер білдірген.
Осының негізінде, сотталушы С. Қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі