Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде лифтіде мерт болған тележүргізушінің ісі: Кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде лифтіде мерт болған тележүргізушінің ісі: Кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты

Бүгін, 19 қазанда, Ақтөбе қалалық №2 сотында көпқабатты тұрғын үйдегі лифтіге қысылып мерт болған тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.Сот үкіміне сәйкес, қызмет көрсетуші компания директоры Кенен Жаңабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов ҚР ҚК 306-бабы 3-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылды.
Жекелей алғанда, «Жанабек Сервис» ЖШС директоры Кенен Жаңабеков шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын минималды қауіпсіздіктегі түзетуші мекемеде өтейтін болады. Сонымен қатар ол моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге өтеуге міндеттелді. Механик сот залында қамауға алынды.
Ал марқұмның күйеуі Қайыржан Ерқасымов сот шешіміне қатысты шағымы жоқ екенін айтты.
Stan.kz
19 қазан 2018 ж. 973 0