Оралда ер адам әйелін оқтаумен сабап өлтірді

Оқиға 13 шілде күні болған. Ішімдікке тойып келген ер адам азаматтық некедегі әйелін жағынан тартып жіберіп, сосын оқтаумен сабаған. 10 рет алған соққыдан әйелі сол мезетте қайтыс боп кеткен.
БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің «жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу» бабына сәйкес кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.
sn.kz