Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде мектеп оқушысын өлтірген “Алтын белгі” иегеріне үкім шықты

Ақтөбеде мектеп оқушысын өлтірген “Алтын белгі” иегеріне үкім шықты

Ақтөбеде кәмелетке толмаған Азат Дүсіповті пышақтап өлтірген Бекназ Кеңшілікке сот үкімі шықты. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбеде Азат Дүсіпов есімді 11-сынып оқушысын пышақтап өлтірген Бекназ Кеңшілік 9 жылға сотталып кетті, деп жазады Диапазон.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Үкімде  айыпталушының жәбірленушінің өкпесі мен жүрегіне екі рет пышақ сұғып қашып кеткені аталды. Бұл жоспарлы түрде болған қылмыс екені айтылды.
«Бекназ Кеңшілік Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін», – деді судья Алтынбек Сабыров.
 
Жәбірленуші тарап материалдық шығын үшін 3 млн теңге, моральдық шығын үшін 10 млн теңге сұрады. Сот үкімімен материалдық шығын үшін 2,6 миллион теңге, моральдық шығын үшін 3 миллион теңге беруді заңды деп тапты.
Бекназ марқұмның анасы мен әкесінен, жақындарынан кешірім сұрады. Ал, анасы ұлының өзін қорғағанын айтып ақтады.
“Ол бала болып ойнаған да жоқ. Үнемі сабақ оқитын. Жақсы оқып, білімді азамат болса деді. Енді оны ауыр қылмыс үшін айыптап жатыр. Мен үйде отырған анамын. Әкесі 20 жыл полицияда жұмыс істеген. Сол әсер етіп тұрған шығар”, – деді анасы.
Сотталушының қорғаушысы кәмілеке толмаған бала үшін мұның ауыр жаза екенін айтып, апеллияциялық шағым түсірмек.
Бұған дейін Бекназ мектеп түлегін не себепті өлтіргенінайтқан еді. 
Stan.kz
12 қазан 2018 ж. 1 786 0