Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда өз келінін қатігездікпен өлтірген қайын атасына қатысты сот үкімі шықты

Оралда өз келінін қатігездікпен өлтірген қайын атасына қатысты сот үкімі шықты

Оралда өз келінін қатігездікпен пышақтап өлтірген қайын атаның атышулы ісінің нүктесі қойылып, сот үкімі шықты. Сот 51 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды. Өз кезегінде ер адам сот үкіміне қарсы болмады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ер адам жасаған қылмысынан кейін кінәсін мойындап, полицияға өзі келген. Сот төрағасы үкім шығарар алдында осы жайтты және оның бұрын сотталмағанын ескерген.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағына (Кісі өлтіру) сай  ең ауыр жаза мерзімі  15 жыл.  Алайда қылмыскер өз кінәсін мойындағандықтан, сот оның жазасын жеңілдететін жағдайларды  ескеріп,  күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды», – дейді сот төрағасы Бақыт Ермаханов.
Ер адам жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.
Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға осыдан 3 ай бұрын болған еді. 27 жастағы Ақерке Қозыкешова күйеуімен ажырасқаннан кейін баласын алып, Семейдегі төркініне кетіп қалады. Алайда бұрынғы күйеуі Семейге келіп, ұлын қайта алып кетіпті. Артынша Ақерке баласын сағынып, көру үшін Оралға барған. Алайда ол баласын әкетпке болғанда, қайын атасы оны жалдамалы пәтерде ұрып-соғып, кеуде тұсына пышақ сұғып өлтірген. Салдарынан ауыр жарақат алған келіншек көз жұмды.

 Stan.kz
31 шілде 2018 ж. 1 421 0