Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЙЫН АТАСЫ КЕЛІНІН ПЫШАҚТАП ТАСТАҒАН. Себебі...

ҚАЙЫН АТАСЫ КЕЛІНІН ПЫШАҚТАП ТАСТАҒАН. Себебі...

Оралда келінін өлтірген ер адамның соты жалғасуда. 54 жастағы айыпталушы бүгінгі отырыста түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартқан. Сондықтан, судья оның алдыңғы жауабын оқыды, — деп хабарлады КТК.
Онда Асылбек Омаров бастапқыда келінін өлтіргісі келмегенін мәлімдеген. Бірақ марқұмның өзі қайын атасын әбден балағаттап, ашуына тиген  көрінеді. Тіпті, шетелдіктермен көңіл қосып, талай рет ұлының көзіне шөп салғанын айтыпты. Бүкіл елді шошытқан қанды оқиға сәуірде болғанын еске салайық. Семейлік Ақерке Қозыкешова бұрынғы күйеуі алып кеткен 1 жарым жасар ұлын қайтармаққа Оралға барған. Алайда олар баланы беруден бас тартады. Тіпті, немересін қызғанған Асылбек Омаров келіншекті аямай соққыға жығып,  шалбарының бауымен қылқындырыпты. Кейін жүрек тұсына пышақ сұққан. Ол полицияға өзі барып берілген болатын. Марқұмның жақындары болса, қылмысқа бұрынғы күйеу балаларының да қатысы барына сенімді.
Бибігүл Ермұханова, А.Қозыкешованың анасы:
-Қызымды әкесі мен ұлы бірлесе өлтірді деп ойлаймын. Бұрынғы күйеу баламның да қатысы бар сияқты. Кінәлілерге өлім жазасын сұраймын. Олар қызым өлгелі кешірім сұрап та келген жоқ.
 ​aqparat.ortalyq.kz​​​
24 шілде 2018 ж. 1 647 0