Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өгей ұлын 20 жерден пышақ салған әйел сотталды

Өгей ұлын 20 жерден пышақ салған әйел сотталды

Бейнеу тұрғыны өгей баласын өлтіргені үшін сотталды.
Сот әйелдің өз кінәсін мойындағанын және оның кәмелетке толмаған төрт баласының барын, оның біреуі мүгедек екенін ескеріп, Тұрсынай Сәрсенованы ҚР Қылмыстық Кодексінің 2-бабы бойынша (кәмелетке толмаған тұлғаны әдейі өлтіру) кінәлі деп тапты.
Сондай-ақ, оның кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, ҚР ҚК-нің аталған бабына сәйкес оған ең аз мерзім — 15 жылға үкім шығарды. Жасөспірімнің туған анасы Кәмшат Қожакова журналистерге үкіммен келісетінін жеткізді. Тұрсынай Сәрсенованың жақындары керісінше, сот шешімін тым қатаң деп есептеп, жоғары инстацияларға шағым түсірмек.
«Енді төрт бала анасыз, жетім қалу керек пе? Мен Тұрсынайдың жазасын өтеуін кейінге қалдырылуын немесе үкімнің жеңілдетілуін қалаймын. Ол жақсы ана және оның өз балаларымен де, Нұрсұлтанмен де ешқашан ешбір кикілжіңі болған емес. Дәл сол күні не болғанын білмеймін», — деді көз жұмған жасөспірімнің әкесі Қайрат Асанов.
Естеріңізге сала кетейік, адам өлтіру оқиғасы ағымдағы жылдың қаңтар айында болды. 20 жерден пышақталған баланың денесі қорадан табылған еді.
ҚазАқпарат
25 сәуір 2018 ж. 1 132 0