Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіске жетті: Сайрагүл сот залынан бостандыққа шықты

Жеңіске жетті: Сайрагүл сот залынан бостандыққа шықты

Бала-шағасы үшін Қытайдан Қазақстанға оралмақ болып, шекараны заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды.
Шекараны уақытша құжатпен бір күнге заңды түрде кесіп өтіп, кері қайтпай қойған Сайрагүлдің басы дауға қалды.
Ол Қытайға барған жағдайда өзін өлім жазасына кесетінін айтып, көмек сұраған еді. Ол сот залынан босатылды.
Алматы облысы Жаркент кентіндегі Панфилов аудандық сотында Сайрагүлдің ісі қаралды. сот шешім шығарып, айыпталушыны Қазақстанда қалдырды. Аудандық соттың судьясы Динара Құйқабаева осындай шешім шығарды.
Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты.
Айыпталушы сот төрағасынан Қазақтанға балаларының қасында қалдыруды сұрады. Одан өзге еш мақсаты жоқ екенін айтты.
Прокурор сот отырысында  Сайрагүлдің балалары үшін келгенін ескеріп, жазасын жеңілдетіп, Қазақстанда қалдыруын сұрады. Сайрагүлді алты ай көлемінде пробациялық бақылауға алуды ұсынды.
Адвокат Абзал Құспанов прокурордың ұсыныс қолдайтынын жеткізді.
Сот шешімі Сайрагүлді 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шартты жаза тағайындады.
Stan.kz
01 тамыз 2018 ж. 1 224 0