Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Істі болған Сайрагүл сотта соңғы сөзін айтып, көптің жүрегін елжіретті

Істі болған Сайрагүл сотта соңғы сөзін айтып, көптің жүрегін елжіретті

Бала-шағасы үшін Қытайдан Қазақстанға оралмақ болып, шекараны заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбайдың ісі қаралып жатыр. Бұл туралы желі қолданушысы Сандуғаш Дүйсенованың парақшасында жарияланды.

Шекараны уақытша құжатпен бір күнге заңды түрде кесіп өтіп, кері қайтпай қойған Сайрагүлдің тағдыры қыл үстінде.
Сотта айыпталушы өзі пікірін айтты.
“Бұл жағдайға Қытай жақ кінәлі. Қытайда мемлекеттік қызметкерлер болғандықтан арасында босап, барып-келуге болады деген соң қалған едім. Бірақ төлқұжатымды кейін берген жоқ. Балаларымды көруге де рұқсат берген жоқ, Соңында келуге үзілді-кесілді тыйым салды”, – дейді Сайрагүл.
Айтуынша, екі баласы Қазақстанда әкесімен бірге болған. Анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүріпті. Ал, өзін құпия органына жұмыс істейсің деп алып кеткен.
“Мен оларға қарсы шыға алған жоқпын. Өйткені бас амандығы керек еді. Қайткенде балаларыма барам деп ойладым. Саяси лагерге құпия органына жұмысқа орналастырды. Құпия жиындарға қатыстым. Егер мемлекеттік құпияның бір сыры жария болатын болса, өлім жазасына кесілесің деді. Оған да келісіп, құжаттарға қол қойдым. Қытайдың құпия органында жұмыс істеген адамын мүлде сыртқа шығармау не жойып жіберу деген саясаты бар. Олар мені құпияны жария еттің деп емес, жұбайым мен екі баламның Қазақстан азаматтығын алғанын желеу етіп, мені екіжүзді деп айыптады”, – дейді ол.
Сайрагүлдің айтуынша, ол өзінің көзін жоятынын сезіп, Қазақстанға кетуге бел буған. Алайда заңды өтуге рұқсат етпегендіктен, заңсыз кетуге мәжбүр болған.
“Мен полиция қызметкеріне небір сыйлық жасам, көмегімді көрсетіп жүрдім. Кейін көмегі тиеді деп ойладым. 2017 жылдың қарашасы мен 2018 наурыз айына дейін құпия органында 4 ай жұмыс істедім. Бірақ маған ол полицей де көмектеспеді. Сондықтан заңсыз өтуге тура келді. Рұқсат қағазын сатып алдым. Қазақстанға балаларыма келген соң құзырлы органға барып, жағдайымды баяндаймын, көмек сұраймын деп ойладым. Өзімнің істегендерімді ашық айтпақ едім. Бірақ елге келісімен қатты ауырдым. Бір күн өтпей жатып, адамдар келіп ұстап әкетті”, – дейді ашынған ана.
Айыпталушы сот төрағасынан Қазақтанға балаларының қасында қалдыруды сұрады. Одан өзге еш мақсаты жоқ екенін айтты.
“Құрметті сот төрағасы, менің жағдайымды тура түсініп, балаларымның қасында қалдыруыңызды сұраймын. Біз Қытайда жаман өмір сүрген жоқпыз. Тек өз атамекенімізге келді мақсат тұттық. Мақсатым бір ұлтқа, бір адамға, халыққа кесірімді тигізу емес, отбасыммен бірге болу деген қарапайым ниет. Мені Қытайда өлім ғана күтіп тұр. Ана үшін баласынан артық ешнәрсе жоқ. Барлық ана, әке мені тегіс түсінеді деп ойлаймын. Бәріңізен қолдау күтем, бәріңізге рахмет айтам”, – дейді ол.

Stan.kz
01 тамыз 2018 ж. 1 219 0