Қазақстанда баласы бар қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етіледі

Агенттік қазір икемді жұмыс кестесін сынақтап өткізіп жатыр.
"Күн сайын балабақша мен мектепке баласын апаратын қызметкерлер үшін жұмыс уақыты таңғы 9.30-да басталады. Сондай-ақ қызметкерлердің үштен екісі түскі үзіліс уақытын ұзарту қажеттігін айтты. Олар үшін жұмыс уақыты жарты сағатқа кеш аяқталады. Яғни сағат 19.00-де", — деді Шпекбаев бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы туралы кеңейтілген алқа отырысында.
Айтуынша, егер жоба сәтті жүзеге асып, оң нәтиже берсе, онда жаңа жұмыс кестесі басқа да мемлекеттік органдарда енгізіледі.
sputniknews.kz