Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 129 миллион теңге айыппұл салынды

129 миллион теңге айыппұл салынды

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бұрынғы бас директорына айыппұл салынды.Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты Қуандық Құлмурзинді пара алғаны үшін кінәлі деп таныды (ҚР ҚК 366-бабы, 2-бөлігі).
«Оған осы бап бойынша мемлекеттік қызметте, сот, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде (…) қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 128 980 760 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотталушы үкім заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұл төлеуге міндетті», — деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.
Әзірше үкім заңды күшіне енген жоқ.
2018 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзиннің ұсталғаны белгілі болды. Оны ұстаған видео ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің YouTube хостингіндегі арнасында жарияланған. «ҚМГ Өнімдері» бас директорына қандай айып тағылды?»
Құлмурзин өзінің қамқорлығы мен қызметтегі шала жұмысына көз жұма қарағаны үшін қарамағындағы адамнан 4,3 миллион теңге пара алды деп күдіктелген.
Қуандық Құлмурзин 2017 жылы 12 қазанда «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалған. Оның алдында мұнай және газ министрлігінде Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры лауазымында жұмыс істеген.
qaa.kz
18 ақпан 2019 ж. 853 0