Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мамандары сенбіге, 2024 жылы 7 қыркүйекке арналған республикамыз бойынша ауа райының жалпы болжамымен бөлісті. Оған сәйкес, еліміздің батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

    - Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы бұзылады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз де жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша тіркелген ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, шығыста түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, үсік жүреді: сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі, - деп жазды"Қазгидромет" РМК.

Болжамға сәйкес, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік, батыс, орталық бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, Жетісу өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: ашы дереккөз
07 қыркүйек 2024 ж. 93 0