Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – бұл жағымсыз құбылыс. Ол қоғамның негіздеріне нұқсан келтіреді, дамуына қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімді төмендетеді, экономиканың, қоғамның дамуын бұзады. Мұқият болыңыз: алаяқтардан сақтаныңыз, құқықтар мен заңдарды ұстаныңыз, пара бермеңіз, азғыруға елікпеңіз, қызмет бабын асыра пайдаланбаңыз. «Жоғарыдағылардың» сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлылық танытпаңыз, «көзбояшылардан» сақ болыңыз. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
М.ӘБДІКЕРОВ,
Қосжар ауылдық округінің әкімі
24 қыркүйек 2024 ж. 77 0