"Ұлттық қауіпсіздік барысы" республикалық жарысы басталды

– Бұл бәсеке ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Туризм және спорт министрлігімен және Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Республикалық жарыс командалық есепте 66, 74, 82, 90, 100 келі салмақ бойынша өткізіледі. Сайыстың екінші бөлігінде 90 келі салмақтан жоғары спортшылар сынға түседі. Оған әр командадан 2 мықты спортшы шығады. Жеңімпазға "Ұлттық қауіпсіздік барысы" деген атақ беріледі. Жарысқа республикалық күштік құрылымдардан келген 50 спортшы қатысады, жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ,- деді Арман Қаржаубайұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі