Дербес төлеушілер жеңілдік санатына кіре ала ма?

Мысалы, «зейнетақы төлемдерін алушы» санатына ену үшін зейнеткер БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуы керек, содан кейін жүйе оны автоматты түрде жеңілдетілген санатқа жатқызады.
Егер жеңілдік санаты «Мүгедек» болса, мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға өтініш берген кезде азаматтың деректері АЖ-ге енгізіледі, содан кейін «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде тағайындалады.
Тағы бір мысал – «күндізгі бөлімдегі студенттер». Мұнда білім беру мекемесінің әкімшілігі «Ұлттық білім беру базасы» АЖ-ге студенттер туралы ақпаратты енгізуі қажет және сақтандыру мәртебесі автоматты түрде тағайындалады.