Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 57 қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына сот үкімі шықты

Қазақстанда 57 қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына сот үкімі шықты

Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері 20 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген 57 қаржы пирамидасының жолын кесті. Қылмыстық іс қозғалып, 12 миллиард теңгеден астам қаражат өтелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, Алматыда "HitBeatMusic" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
"Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15%-на дейін пайдасын уәде етті. Келтірілген залал сомасы 255 миллион теңге. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды", – делінген жазбада.
Агенттік IT құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды. Биыл қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемелері бұғатталды. WhatsApp, Telegram және Instagram желілерінде 292 чат бұғатталған. Осылайша 2 миллионнан астам әлеуетті салымшылардың қаржы шығындарының алды алынды.
Айта кетейік, "Qnet", "World Business Consulting", "Finiko" "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical" "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus" сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапқа тартылды.
Агенттік адам ақша салғысы келетін компанияны қаржы пирамидасының белгілеріне тексеруге мүмкіндік беретін телеграм ботты іске қосты.
Еске салайық, бұған дейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ресей азаматын аса ірі көлемдегі ақшаға қатысты трансұлттық ұйымдасқан топты құрып, басқарғаны және қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам "Questra Holding ins" компаниясын құрып, кейін 2016 жылы бірі инвестициялық компания ретінде "Atlantic Global Asset Management", екіншісі брокерлік компания "Questra World" болып екі компанияға бөлінді. Қылмыстық іс-әрекеттердің салдарынан қылмысқа қатысушылар Қазақстанның 529 азаматына жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам материалдық залал келтірд
і.
13 қараша 2024 ж. 98 0