Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті?

Бұл тақырып ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «OYLA» журналымен бірге жүзеге асыратын балаларға арналған қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы жобасында толығырақ ашылған.
«OYLA» ғылыми-көпшілік журналының қараша айындағы санында жарияланған материалда сіз алаяқтардың дропперлерді қалай тауып, жалдайтынын және зиянкестердің тұзағына түспеу үшін не істеу керектігін үйренесіз. Бұл ақпарат балаларға ғана емес, ересектерге де маңызды!
Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі түсті иллюстрациялар, коллаждар –мұның бәрі жас оқырмандарға өздерін және жақындарын қаржылық алаяқтықтан қорғауға көмектеседі.