Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алмақ

Үкімет ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алмақ

Мәжіліс депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленген.
"Біріншіден: 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспардан 2 триллион теңгеге төмендеуімен байланысты. Бұл ретте мақсатты трансферт түрінде ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге тарту жоспарлануда", – деді Савельева. 
Депутаттың айтуынша, республикалық бюджеттің шығыстары мен тапшылығының параметрлері үкімет енгізген түзетулерді ескере отырып және 2023 жылға арналған 61,3 млрд теңге көлеміндегі бюджет қалдықтарын пайдалана отырып өзгертілген.
"Осылайша, республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары бекітілген көрсеткішке қатысты 61,3 млрд теңгеге өседі, ағымдағы жылғы республикалық бюджет тапшылығы 3,6 трлн теңгені құрайды", – деді депутат. 
Еске салсақ, бұған дейін қазан айында ұлттық қордан 641 миллиард теңге алынғаны туралы жазған едік. 
14 қараша 2024 ж. 55 0