«Сергек» арқасында Алматыда жол апатының саны 17%-ға азайған

Мұндай мәліметті қала әкімдігі ұсынды. Бүгінде шаһарда 1641 «Сергек» АБК жұмыс істейді, бұл 9152 бейнебақылау камерасы бар деген сөз. Олар тәулік бойы қала көшелеріндегі тәртіпті қадағалап, қоғамдық және жол қауіпсіздігін бақылайды, сондай-ақ құқық қорғау органдарына оқиғаларға жедел әрекет етуге көмектеседі. Сонымен қатар, жобаның іске қосылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін қаланың бюджетіне 44,08 миллиард теңге түскен. Биыл 9 айда Алматыда «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 18,6 миллиард теңгеден астам қаражат өндірілге.