Жосықсыз жұмыс берушілердің алғашқы реестрі жасалады

Реестрдің ережесі Қордың adildik.org.kz сайтына жүктелді.
Жұмысшының Еңбек кодексінің 22-бабында қарастырылған құқығын бұзған кез келген жұмыс беруші реестрге енгізілуі мүмкін. Жалақының кешіктірілуі, қауіпсіздік техникасын сақтамау, жұмыс тоқтап тұрғаны үшін ақы төлеуден бас тарту, төленетін еңбек демалысын бермеу, жұмыстан заңсыз шығару сынды жағдайлар реестрге енгізуге себеп бола алады. Бұл тұста жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек шартының болуы міндетті емес. Қолында еңбек шарты болмаса да, жұмысшының Еңбек кодексінде қарастырылған құқықтары бар.
Еңбек құқығының бұзылуы жайлы ақпаратты жұмысшы, ұжым, БАҚ, билік органдарының өкілдері, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар және оқиға куәгері де ұсына алады. Бұл үшін Қор сайтында арнайы форманы
Пікір қалдыру