Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспасөз релизі (01.01.2025ж. бастап зейнетақымен жәрдемақы төлемдері мөлшерінің арттырылуы туралы)

Баспасөз релизі (01.01.2025ж. бастап зейнетақымен жәрдемақы төлемдері мөлшерінің арттырылуы туралы)

«2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтарданбастап:
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 46228 теңге;
ең төменгі жалақы – 85000 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 62771 теңге
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32360 теңге мөлшерінде белгіленді.
Жаңа жылдан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 %-ға арттырылады.
Сонымен қатар, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері203060 теңгеден 216260 теңгеге(55 АЕК)көбейтіледі.
1- қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Атап айтқанда, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы (65 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 110пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Бұл жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге және 01.01.2025 ж. дейін зейнетке шыққандарғада қатысты.
Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ЕТКД (46228 теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ЕТКД (46228 теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды. 01.01.2025ж. бастап бұл жәрдемақылардың мөлшері 74428 теңгені құрайды.
01.01.2025 ж. бастап АЕК-пен есептелетін жәрдемақы төлемдері мөлшері оның артуына (3932т) байланысты көбейеді.
Атап айтқанда, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері:
Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының мөлшері (38-АЕК) 01.01.24ж. 140296 теңгені құраса, 01.01.25ж. бастап 149416 теңгені құрайды немесе 9120 теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туылғанда (63-АЕК)232596 теңгеден 247716 теңгеге немесе 15120 теңгеге артады.
Ал, бала біржарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты 01.01.25ж. бастап бірінші балаға -22649 теңге, екінші балаға - 26777 теңге, үшінші балаға - 30867 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда 34995 теңгені құрайды.
Сол сияқты, АЕК (3932т.)мөлшерінің ұлғаюына байланысты бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де арттырылады.
Бұл жәрдемақылардың мөлшері балалар санына қарай сараланып ұлғайтылады.
Атап айтқанда, 4 баласы бар отбасыларға 63030 теңге, 5 балаға – 78798 теңге, 6 балаға – 94565 теңге, 7 балаға- 110332 теңге, 8 балаға - 125824 теңге, 9 балаға-141552 теңге, 10 балаға- 157280 теңге және одан әрі жәрдемақы мөлшері бала санына қарай өзгереді.
Жаңа жылдан бастап «Күміс алқамен» марапатталған аналардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысының мөлшері 25165 теңгені, ал, «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері29097 теңгені құрайды.
Жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақының мөлшері 137620теңгені құрайды.
Сонымен қатар, АЕК (3932тг.)мөлшерінің ұлғаюына байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылады.
Облыс бойынша 269,5 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың (оның ішінде зейнетақы алушылардың саны-82,2 мың адам) төлем мөлшерін қайта есептеу автоматты түрде жүргізіліп,01.01.2025ж. бастап барлық төлем алушыларға көбейтілген мөлшердегі төлемдері төленетін болады.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
25 желтоқсан 2024 ж. 130 0