Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды

Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 7 қаңтарда Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған - Петропавловск автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.
Қостанай облысы

7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған - Петропавловск автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледі.

Жолдар 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де ашылады.

Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.

Сурет: massaget.kz
07 қаңтар 2025 ж. 112 0