МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 68 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736313783_1.jpg)
– 2024 жылдың 31 желтоқсан мен 2025 жылдың 4 қаңтары аралығында аймақта жедел жағдай тұрақты өтті. Департаменттің жауынгерлік есебінде 186 қызметкер, 55 бірлік техника, 2 тікұшақ пен 2 қайық және 1 кинологиялық есеп қызмет атқарды. Жалпы, құрылымдық бөлімдер тарапына 16 қоңырау түссе, 4 техногенді сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Сондай-ақ, есігі құлыпталып қалған пәтер ішінен 8 адам құтқарылды. Облыс және аудан орталықтарында орналасқан жаңа жылдық шыршаларға кезекшілік ұйымдастырылды, нәтижесінде оқыс оқиғалар тіркелген жоқ,- деді облыстық ТЖД жоспарлау және жедел басқару орталығы өрт байланысының орталық пункті бастығы Нұрболат Қиятов.
– "Жедел әрекет ету" орталығы екі функция бойынша жұмыс істейді. Оның бірі – "109 – Бірыңғай байланыс орталығы" болса, екіншісі – "112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі". Осы қызмет түрлері бойынша барлығы 64 оператор жұмыс істеді. Мереке күндері 112-қызметіне 1 451 хабарлама түссе, 109-Бірыңғай байланыс орталығына 1 675 өтінім келіп түсті,- деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Жедел әрекет ету орталығы" КММ-нің директоры Темірхан Мұқанғали.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі