Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада электр энергиясы өсті ме?

Қызылордада электр энергиясы өсті ме?

Соңғы уақытта қызылордалықтар арасында электр энергиясының тарифіне қатысты түсініспеушілік көбейді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тахир Нәдірбек мәселенің мән-жайын ашып айтты.
Оның сөзінше, облыстағы энергиямен жабдықтаушы «Энергосервис» ЕЖШС, «Шиелі жарығы» ЖШС және «Даулетэнерго» ЖШС ұйымдары өздерінің қызметін тоқтатты. Жыл басынада бұл қызмет түрі «ҚЭТТК» АҚ-ның қолына өтті. Энергиямен жабдықтау қызметін «ҚЭТТК» АҚ жүзеге асыруда. Тұрғындар наразылығының себебі осы өзгерістерге кеп тіреледі.
– «Желтоқсан айында электр энергиясы қымбаттады ма?» деген сұрақ көбейді. Тариф өскен жоқ. Мәселе мынада. Облыс орталығында тұтынушы көп. «Энергосервис» әртүрлі уақытта төлем жасап, сол күні база жабылатын. Энергиямен жабдықтаушы мекеменің жабылуына байланысты 31 желтоқсанға дейінгі көрсеткіш бойынша есеп айырысу қажет болды. Тұтынушылар осылайша бұрынғыдай бір ай емес, 45 күндік көрсеткішпен төлем жасады. Тұрғындардың «көп төледік» деп жүргені – осы айырмашылық. 1 қаңтардан бастап «КРЭК» (ҚЭТТК» – авт.) мекемесінің қолына өтті, енді төлем жасау мерзімі бұрынғы қалпына түседі, – деді ол.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы»

Ақпарат көзі: syrboyi.kz

Сурет: Нұрболат Нұржаубай
21 қаңтар 2025 ж. 44 0